Қалыптастырушы бағалау: біз талқылаймыз да тәжірибемен бөлісеміз

«Білім беру мазмұнын жаңартудың күрделі мәселелері бойынша педагогтерге көмек көрсету үшін ресурстар банкін құру» инновациялық жобасы аясында филиалда Павлодар облысының білім беру ұйымдарының «Ашық ұстаздар бөлмесі» стартап-алаңы жұмыс істейді. 2020 жылы күн тәртібінде – тиімді қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру мәселелері.

Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда жоспарланған эстафеталық семинарлар топтамасынан «Жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарда қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың проблемалық тұстары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар  – филиалдың инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары      Б.А. Жаукенова, С.К. Сарсенова.

Бұл инновациялық жобаға қатысатын облыс мектептерінің педагогикалық ұжымдары эстафеталық семинарларды өткізетін болады. Іс-шараның форматы тиімді қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру мәселесі бойынша мектептен мектепке тәжірибе алмасу семинарларын өткізу эстафетасын табыстауды қарастырады: ақпан айында – Павлодар ауданының Розовка ЖОББМ, наурызда – Ақсу қаласындағы №7 ЖОББМ, мамырда – Май ауданындағы Қаратерек ЖОББМ, қазан айында – Екібастұз қаласының № 24 ЖОББМ, қараша айында – Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ.

Осы стартап-алаңның барлық қатысушыларымен тиімді қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу жұмысы ағымдағы жылдың қараша айында дөңгелек үстел түрінде аяқталады.

 

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының

PR , SMM- маманы Р.Т. Нұрсейіт