Қалыптастырушы бағалау: тәжірибемен бөлісуді жалғастырамыз

10 наурызда Павлодар ауданының Розов ЖОББМ базасында «Білім беру мазмұнын жаңартудың күрделі мәселелері бойынша педагогтерге көмек көрсету үшін ресурстар банкін құру» инновациялық жобасы аясында «Сабақтағы қалыптастырушы бағалаудың проблемалық тұстарын шешудің жолдары» тақырыбында «Ашық ұстаздар бөлмесі» стартап-алаңы кезекті өз жұмысын ұйымдастырып өткізді.

Алаңның жұмысына Павлодар облысы мектептерінің: Ақсу қаласының №7 ЖОББМ, Май ауданының Қаратерек ЖОББМ, Екібастұз қаласының №24 мектеп-гимназиясы, Павлодар қаласының №26 ЖОББМ, Павлодар ауданының Розов ЖОББМ 22 мұғалімі қатысты.

География мұғалімі А.Н. Отепов пен қазақ тілі мұғалімі Г.С. Тусупова география мен қазақ тілінен өткізген ашық сабақтарында қолданыстағы қалыптастырушы бағалауды көрсетті.

Қалыптастырушы бағалау тәжірибесімен бөліскен Г.В. Доронкина мен Е.А. Капецтің шеберлік-сыныбы үлкен қызығушылық тудырды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы А. Ж. Ахметниязова, сабақтағы қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту туралы айтты.

Стартап-алаңның келесі эстафета-семинарларының негізгі тұстары бірлесіп талқыланды:

  • сабақтың мақсатын қоюда педагогтің дағдыларын дамыту;
  • сабақтың нәтижесін нақтылау;
  • сабақта оқушылардың оқу әркеттерін қалыптастырушы қадағалау, оқытудың күтілетін нәтижелеріне жету жолдары.

Осылайша, басты мақсатқа қол жеткізілді – тәжірибе алмасу бойынша сындарлы диалог жүргізілді, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер шешілді және әдістемелік  қоржын толықтырылды.

Келесіде «Ашық ұстаздар бөлмесі» көшпелі стартап-алаңы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы №7 ЖОББМ өз жұмысын ұйымдастырып өткізеді.

 

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының

курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының

PR , SMM- маманы Р.Т. Нұрсейіт