Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтарды курстан кейінгі қолдау туралы

Карантин кезеңінде Қазақстанның барлық мектептері Қашықтықтан оқытуға көшті. Дәстүрлі оқыту жүйесін қайта құруға тура келген оқушылар, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қиын жағдайға тап болды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-ның директоры Әшімбетова Роза Дүйсенқызы «Ертіс-информ» телеарнасына сұхбат берді. Ол қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын педагогтарға көмек көрсету туралы айтты.

Сонымен, филиал оқытушылары өзекті тақырыптар бойынша бейне-конференциялар мен онлайн-семинарлар өткізді: «Он-лайн сабақты тиімді ұйымдастыру және өткізу үшін бірнеше ұсыныстар», «Қашықтықтан оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жағдайы», «Қашықтан оқытуға көшу. Білім алушыға нұсқаулық», «Қашықтан оқыту үшін Classroom платформасының мүмкіндіктері», «Бейне-сабақтарды жазу кезінде Bandicam бағдарламасының мүмкіндіктері», «Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» және басқа да.

Сонымен қатар, жедел көмек филиалдың Call-орталығы және сайттың айдары арқылы жүзеге асырылды «Қашықтықтан оқыту жағдайында жұмыс істейтін педагогке көмек».

Біліктілікті арттыру курстарында өздері қашықтықтан білім алған мұғалімдер оқу процесіне басқаша қарап, өздерінің IT-дағдыларын дамытып, жетілдіріп, педагогикалық тәсілдер арсеналын байыта алды және өз оқушыларын оқыту кезінде алған тәжірибесін қолдана алды.