ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ РЕЖИМІНДЕГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН БАСТАЙМЫЗ

2020 жылғы 30 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалында «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту режимінде орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы басталды (кураторы: С.К. Сарсенова).

Бағдарлама әлеуметтік педагогтердің Қазақстан Республикасы орта білім аясындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, білім берудің жаңа моделін қалыптастыру бойынша әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

         Филиал қызметкерлерінің алдын-ала жүргізген жұмыстары қашықтықтан оқыту курстарын уақытында бастауға және тыңдаушылардың психологиялық қобалжуларынан арылуына мүмкіндік берді.

Курстың барлық сабақтары кестеге сәйкес өткізіледі, оның барысында педагогтер on-line режимінде әріптестерімен байланыса алады, куратормен әрекеттеседі және қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қажетті кеңестер ала алады.

Қашықтықтан оқыту курстарының тыңдаушыларына «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында табысты еңбек және жаңа білім тілейміз!

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ»

PR , SMM- маманы Р. Нұрсейіт