Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің барлық санаттары үшін ақылы негізде семинарлар өткізілетіндігін хабарлайды. 

Қысқа мерзімді үйрету, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік семинарлар туралы Ережеге сәйкес (2016 ж.15.02-де «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының Төрағасы Г.К. Ахметова бекіткен) қатысушыларға семинарда оқығандары туралы куәлік беріледі. 
Семинарлардың тақырыптамалары филиалдың http://http://orleupvl.kz. сайтында (Біліктілікті арттыру – Курстар жоспары бөлімінде) орналастырылған. 
Семинарға қатысу үшін тақырып пен педагогикалық қызметкерлердің санаттары көрсетілген өтінімді ұсыну қажет.
Біздің семинарлар курсаралық кезеңде аймақтың педагогикалық кадрларының бастамаларын ғылыми-әдістемелік қолдаудың негізіне айналады деп сенеміз.