Ұстаздардың ұстазы …

2020 жылдың 10 ақпан  күні «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі,ҚР білім беру ісінің  Құрметті қызметкері,1996-2005 жылдары аралығында  Павлодар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттың директоры болып қызмет атқарған  Дайкенов Темірболат Ережепбайұлына арналған іс-шара өткізілді.

Т.Е. Дайкеновтың аты тарихқа алтын әріптермен жазылған, өйткені ол өмір бойы өз өңірінің білім саласының дамуына  арнады. Ауыл мектебінің мұғалімінен облыстық білім басқармасының басшысына дейін Темірболат Ережепбайұлы өзін қоғам мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоятын дарынды стратег және дана басшы ретінде көрсетті.

Облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры бола отырып, Қазақстандық егемендіктің қалыптасуының күрделі уақытында ол облыстың біліктілігін арттыру жүйесін сақтап қана қоймай, оны күшейте алды. Сонымен қатар тіліміздің мәртебесін артыру, ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлу мақсатында барша рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салды. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

2000 жылы Т. Е. Дайкеновтың бастамасымен білім беру мұражайы ашылды. Бұл – Дайкеновтың игілі істерінің бірі. Т. Е. Дайкеновтың туғанына 80 жыл толуына орай білім мұражайында оның педагогикалық жолының маңызды кезеңдерін көрсететін экспозиция ашылды. Осы экспозициямен біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары танысып, олар жиналған материалдың құндылығы мен байлығын атап өтті.

 

Жунусова А.Р., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ мұражай ісінің бас маманы