Ұстаздарға арналған кітапхана

«Ұстаздың үздіксіз білім алуына ықпал ететін мектеп кітапханасының рөлі» атты онлайн-консультация өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының кітапхана ісінің бас маманы М. И. Воротникова Ақсу қаласы мектеп кітапханашыларының тамыз секциясында «Ұстаздың үздіксіз білім алуына ықпал ететін мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында онлайн-кеңес өткізді.

Баяндамада әлемнің барлық елдерінде мектеп кітапханаларының рөлі артып келе жатқаны атап өтілді. Кітапхананың шығармашылық, біріктіретін, синтездейтін рөлі бірінші орынға шығарылуда. Осыған байланысты кітапханашылар алдына жаңа міндеттер қойылды:

– біріншіден, кітапханашының рөлі – педагогттердің дамуына ықпал етуі тиіс;

-екіншіден, кітапханашы мұғалімдермен бірлесіп оқушыларды сындарлы зерттеу дағдылары мен үрдістері арқылы сыни ізденіске жетелеуді жоспарлап, ақпараттық сауаттылық бойынша агент рөлін атқаруы тіис;

– үшіншіден, кітапханашы мектеп мұғалімдерін, оқушылары мен қызметкерлерін кітаптардың, веб-сайттардың, бейне, аудио материалдардың ең соңғы және ең үздік жаңалықтарымен және түрлі ресурстарға сілтемелермен «байланыстыратын» мәдениет елшісі болып табылады.

Сонымен қатар, баяндамада педагогтермен ақпараттық жұмыстың дәстүрлі түрлерін жетілдіру әдістері қозғалды. Кітапханашы мен педагогтің өзара әрекеттестігінің басты мақсаты: сұрау, ойлау, жарату, бөлісу, өсу. Мектеп кітапханаларының жұмысын қадағалайтын Ақсу қаласы білім бөлімінің әдіскері Г.Х. Шуахбаеваның сөз сөйлеуі осы үдерістің шынайы дәлелі болды.

Тамыз отырысы барысында кітапханашылар өз сөздерінде әріптестерімен үздік практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты, секцияның ұсынымдары мен алдағы оқу жылына арналған жоспарларды талқылады.