ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕЙМІЗ

Павлодар қаласында маңызды оқиға –Қазақхандығының құрылуы кезінде Ертіс өңірінің билеушісі және Абылай ханның жақын ДОСы болған Сұлтанмұхамед Бахадыр Сұлтантуралы 2 томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шараны «Өрлеу «БАҰО» АҚ Павлодар филиалы, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұражай ісінің бас маманы Жунусова Алия Рахметжановна облыстық «Ертіс-информ» телеарнасына берген сұхбатында атап өткендей; «Ұлы Даланың тарихи тұлғасы» тақырыбындағы іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асыру мен «Өрлеу» БАҰО «АҚ филиалы Павлодар облысының білім мұражайының 20-жылдығына орай өткізілді. «Сұлтанбет Баһадур Сұлтан»  кітабының  авторларымен кездесу: атап-айтсақ-қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ж.Камзин , тарихшы-өлкетанушы Сирик. В.  және Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебінің    директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.К. Байгабыловамен өткізілген іс-шараға қатысушылардың  көңілінен шықты.

Өскелең ұрпақ туған өлкенің тарихын білуі тиіс. Осы мақсатта Павлодар қаласының мектептеріне Сұлтанмұхамед Бахадыр Сұлтандың өмірбаяны мен қызметі туралы кітап табыс етілді. Сонымен бірге  мектептерде мәдени-ағартушылық және өлкетану жұмыстарының ұйымдастырудың құнды құралы ретінде қолданылады.

Жунусова А.Р., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ

мұражай ісінің бас маманы