«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 наурызында Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында мұражай жетекшілеріне арналған «Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясында мәдени мұраның маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: мектеп музейлерінің жұмысын насихаттау, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын қатысушылармен талдау,саралау. Семинарға Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З. Нұртаева, білім бөлімінің әдіскері А.Ы.Оразалина,мектептің директоры С.С.Досмағамбетова және аудан мектептерінен 25 мұғалім қатысты.
Read more about «Мәдени мұраның маңыздылығы» (Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында) …