Біз туралы

Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының жылнамасы

1940 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы қысқа мерзімді дайындық курстары ұйымдастырылды. Жетпіс бес 10-сынып түлектері осы курстан өтті.
1950 жылы облыстық халыққа білім беру бөлімі жанынан әдістемелік кабинет ұйымдастырылды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1951 жылғы 1 ақпандағы қаулысымен Павлодар облыстық білім беру бөлімінің жанындағы әдістемелік кабинет негізінде 15 штаттық қызметкері бар облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты құрылды.
Институттың алғашқы директорлары: Жиляков Иван Ильич (1951-1952 жж.), Михайлова Анна Ивановна (1952-1961 жж.), Ахметов Жұмабай (1961-1962 жж.), Нығманов Қалеш (1962-1964 жж.), Қапенов Уахап Садуақасұлы (1964-1973 жж.), Коломысов Юрий Дмитриевич (1973-1974 жж.).
Институтты он жеті жыл (1974-1991 жж.) Рубцов Виктор Васильевич басқарды.
1981 жылы институт КСРО Білім беру министрлігінің ауыспалы Қызыл туы және Құрмет грамотасымен марапатталды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының тәжірибесі КСРО ХШЖ көрмесінде көрсетіліп, күміс медальмен марапатталды.
1986 жылы институт жаңа ғимаратқа көшірілді.
Мектептерді компьютерлеуге байланысты информатика бойынша курстық іс-шаралар басталды.
1988 жылы институтта п.ғ.к. Шаймерденов Тәжібай Рахметоллаұлының басшылығымен «Педагогика және психология» кафедрасы ашылды. Кафедрада жұмыс істеген ғалымдар: Омарова В.К., Мачнев Н.Ф., Жұматаева Е.Ө. және тағы басқалар.
Сол жылы Криворучко Василий Андреевичьтің басшылығымен информатика және есептеу техникасы кабинеті құрылды.
1991 жылдан 1995 жыл аралығында институт директоры болып Қапенов Қабылқақ Манапұлы жұмыс істеді.
1992 жылы мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды.
1995 жылдан бастап институт ҰОТ (Ұжымдық оқыту тәсілі) технологиясын енгізу бойынша республикалық эксперименталды алаң болды (Мкртчян М.А.).
Он жыл бойы (1995-2005 жж.) институтты Дайкенов Темірболат Ережепбайұлы басқарды.
1998 жылы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес облыстық педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институтында білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы құрылды.
1999 жылдан бастап институт «Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институты» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны деп аталды.
Қасымова Жұлдыз Ғабдоллақызының басшылығымен «Экономикалық білім беру негіздері» эксперименталды-зерттеу алаңы ұйымдастырылды.
2000 жылы институт жанынан облыстық білім мұражайы ашылды.
2003 жылы институттың педагогикалық басылымы «Ұстаздар газеті» шықты.
2005 жылы институттың директоры болып Силкин Николай Сергеевич тағайындалды (2005-2010 жж.).
2005 жылы 12 жылдық мектеп моделі бойынша мұғалімдерді курстық дайындау жұмысы басталды. Біліктілікті арттыру институтының ақпараттық сайты жасалды.
2008 жылы институт «Педагогикалық альманах» әдістемелік журналын шығара бастады. Қашықтықтан оқыту бойынша біліктілікті арттырудың алғашқы курстары ұйымдастырылды.
2010 жылы институтты Буханова Гүләйім Халелқызы басқарды (2010-2011 жж.).
2010 жылы «Педагогика хабаршысы» облыстық газеті шығарыла бастады.
Педагогика ғылымдарының докторы Г.А.Рудиктің басшылығымен «Құзыреттілікті педагогика» халықаралық жобасына қосылу (Монреаль, Канада).
2011 жылдан бастап институтты Жалмағамбетова Бұлғын Шәкенқызы басқарады.
Институт қызметі курстық шаралардан басқа дәстүрлі пән мұғалімдерінің олимпиадасы, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, on-line ақыл-кеңестер, вебинарлар өткізу жұмыстарымен қамтылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 «Жеке мемлекеттік кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес «Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты» ҚКМК «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» РМКК болып қайта құрылды.
2012 жылдың 9 сәуірінде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша алғашқы үш айлық курстар басталды.
Курс қорытындысы бойынша облыстың 300 мұғалімі емтиханды табысты тапсырып, біліктіліктің 3-деңгейі сертификатын алды.
2012 жылдың 10 қазанында институт «Өрлеу» Акционерлік қоғамы Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрамына филиал құқығында енді.

 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының алғашқы ғимараты 1951 жыл

Институт директорлары

 

Институтының бірінші директоры – Жиляков Иван Ильич

(1951-1952 жж)

Михайлова Анна Ивановна

(1952-1961 жж)

Ахметов Жұмабай Ахметович

(1961-1962 жж)

Ныгманов Калеш

(1962-1964 жж)

Қапенов Уахап Садуақасұлы

(1964-1973 жж)

Коломысов Юрий Дмитриевич

(1973-74 жж)

Рубцов Виктор Васильевич

(1974-1991 жж)

Қапенов Қабылқақ Манапұлы

(1991-1995 жж)

Дайкенов Темірболат Ережепбайұлы

(1995-2005 жж)

Силкин Николай Сергеевич

(2005-2010 жж)

Буханова Гуляим Халеловна

(2010-2011 жж)

Жалмағамбетова Бұлғын Шәкенқызы

2011 жылдан бастап

       

Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстары,  1953 жыл

 Орталау мектептің тарих пәнінің мұғалімдері біліктілікті жетілдіру курстарында, 1954 жыл

Курс тыңдаушылары – Павлодар облысының мектеп директорлары, 1956 жыл

 Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кеңесіне Павлодар облысынан қатысушылар,  1957 ж

 Неміс тілі пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарында, 1973 ж.

 Институттың курс тыңдаушылары. 1974 жыл

Бүкілодақтық мұғалімдер съездінің делегаттары. Москва.Кремль. 1978 ж.

СССР Ағарту Министрлігінің Қызыл Туды Институтқа тапсыру рәсімі  1981 жыл

Фотода солдан оңға қарай:

Институт директорының орынбасары Хисамутдинова Р.Х, директор Рубцов В.В.,
Обл ОНО бастығыныңорынбасары Бобынина А.В. 1983 ж

Институттың екінші ғимараты (қазір «Ағарту» профилакторийі)

Институттың жаңа ғимараты, 1986 ж.

 Аудандық/ облыстық халық ағарту бөлімдерінің меңгерушілері жаңа ғимараттың химия кабинетінде экскурсияда, 1987 жыл

Панасенко А.И. жетекшілік еткен биология пәні мұғалімдерінен шығармашылық топ

 Неміс тілі пәнінің мұғалімдері лингафон кабинетінде

Тақырбасов Е.К. жетекшілігімен өнер және сызу пәнінің мұғалімдерінің курсы, 1984 жыл

Институт қызметкерлері, 1987 жыл.

Республикалық семинар-кеңесінің қатысушылары – Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директорлары Павлодарда. 1989 жыл

 Институт қызметкерлері 1990 жылдары

 Фисенко Тамара Ивановна –
1880 жылдан бастап институттың орыс тілі және әдебиеті кабинетінің меңгерушісі,
1992-2006 жылдардағы Институттың директорының орынбасары

А.М. Жумурбаева – химия және биология кабинетінің меңгерушісі

Бугаева Вера Николаевна

 2000 жылдан директордың орынбасары,
2006 жылдар жетекші мамандар кафедрасының меңгерушісі

  Облыстық қазақ тілі пәні мұғалімдерінің конференциясы, 2006 жыл

Жетекші мамандар кабинеті, 2011 ж

 Математика мамандарымен өткізілген дөңгелек үстел, 2011 жыл

 Облыстың педагог мамандарының шығармашылық жұмыстарының дәстүрлі көрмесі,  2010 жыл

Облыстық БАИ директорлары аймақтық Кеңесте Павлодарда

Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын талқылау
2010 ж.

Институт қызметкерлері  2011 жыл

 Халықаралық ынтымақтастық

2003 жылдан бастап Павлодар ПҚ БАИ облыс экономика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау мәселелерімен айналысады. Институттың экономикалық білім беру зертханасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экономикалық білім беру ұлттық кеңесімен (ЭБҰК) тығыз ынтымақтастықта. Зертхана меңгерушісі Қасымова Жұлдыз Ғабдуллиновна 2004 ж. ЭБҰК Халықаралық тренері және Халықаралық гранттар иегері:
-2005 жыл – Қазақстан делегациясының құрамында АҚШ (Минессота штаты) экономикалық білім беру Оқу турына қатысуға халықаралық грант
-2006 жыл – 36-сағаттық курстық іс-шаралар өткізуге АҚШ (ЭБҰК) халықаралық гранты
-2007 жыл –72-сағаттық курстық іс-шаралар өткізуге АҚШ (ЭБҰК) халықаралық гранты

 Біздің облысымызда  Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдовтың технологияларын игеру бойынша  эксперименттік жұмыс 1993 жылы басталды, оқыту үдерісіне облыстың 10 мектебінің мұғалімдері қосылды. 4 жыл бойы мұғалімдер ғылыми жетекші  Лозинг В.Р. және оқытушы  Лозинг З.И. жүргізген интенсивті семинарларда оқыды.

 Лозинг Вячеслав Рудольфович
Кемеров қ. № 42 мектеп-гимназия директоры. Жоғары біліктілікті категориялы басқару технологиясының мұғалімі,  Педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ халық ағарту ісінің үздігі

 Лозинг Зинаида Ивановна
Кемеров қ. № 42 мектеп-гимназия директорының орынбасары

Жоғары біліктілік категориялы дүниежүзілік көркем мәдениет мұғалімі
Жалпы білім берудің құрметті қызметкері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мұғалімі`

Жаңа білімдену тәжірибесін құру бойынша эксперименттік жұмыстардың ғылыми жетекшісі  Мкртчян М.М. сабақта және сабақтан тыс оқыту бойынша  біздің институтпен 1995 жылдан бастап тығыз ынтымақтастықта

Мкртчян Манук Ашотович,
Армения білім беру вице-министрі, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 2010 ж.

2010 жылдан бастап ПҚБАИ бастамасымен біздің облыс мұғалімдері құзыреттілік  педагогика негіздерін игеру бойынша Халықаралық жобаға қосылды

Жоба жетекшісі  – Рудик Георгий Алексеевич

«Шекарасыз оқыту»  Заманауи педагогика орталығының директоры,  Канада, Монреаль қ.

Таранова Марина Владимировна,
Новосібір мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика  ғылымдарының кандидаты, математика мұғалімдері үшін шебер-сабақ өткізеді. 2011 жыл

Солодова Евгения Александровна,
Ұлы Петр атындағы Әскери академия профессоры
РБА Білімді ақпараттандыру Институтының жетекші ғылыми қызметкері,  Ресей Халық ғылымдар академиясының академигі,   педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі

 Павлодар педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институтының баспасы